Алматы облысының бас санитар дәрігері «карантин режимі және өңір аумағында кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, 19 қазанда таңғы сағат 7.00-ден бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Жұмысы тоқтатылатын нысандар:
• Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелер);
• 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;
• Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).
Сондай-ақ, өңірде ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Алматыда карантин шаралары күшейтілді
Бұдан басқа, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен аса адамның бірге жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.
Қоғамдық көліктер қарбалас уақытта 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушыларды тасымалдауы керек.
Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.