Қостанай облысына Мәскеу қаласынан 15 дәрігер келді

Shutterstock
Shutterstock
COVID-19 вирусына қарсы күреске көмек көрсету үшін келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеу қаласының 15 дәрігері Қостанай облысына COVID-19 вирусына қарсы күреске көмек көрсету үшін келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәскеу қаласынан келген мамандар бригадасын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдады. Өңір басшысы Мәскеу мэрі Сергей Собянинге көрсетілген көмек үшін алғыс айтты. Мультидисциплинарлық медициналық бригаданы Н.В. Склифосовский атындағы ҒЗИ төтенше жағдайларда жұмыс істеу үшін мамандандырылған медициналық көмек бригадасының меңгерушісі Олег Черныш басқарады. 

«Бригаданың басты мақсаты – пандемия кезінде біздің облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеу. Мамандар жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, КВИ таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу. Бригадалар провизорлық орталықтарға барып, ауруханаларды қайта бейіндеуге көмектесіп, пациенттерді қарап, әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқыту семинарларын өткізетін болады. Құрамында хирург, анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, анестезия мейірбикесі және коронавирусы бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар басқа да мамандар бар», – деді аймақ басшысы.

Дәрігерлер Мәскеу қалалық ауруханасы, М.П. Кончаловский атындағы аурухана, Коммунарктегі №40 және №67 аурухана, А.С. Логинов атындағы МКҒП орталығы, М. П.Кончаловский атындағы орталық, №2 Жұқпалы аурулар ауруханасы мен №121 клиникалық-диагностикалық емханада жұмыс істейді.

Новости партнеров