Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында азаматтар арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру аяқталғанға дейін тегін вакцина арқылы карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұқтырудың ықтимал орындарының арасында (сауда нысандары, нарықтармен қатар) қоғамдық көлікте қатынау 16%-ды көрсетті. Осы сегментте арнайы мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.
Бүгін қаланың барлық аудандарында сағат 07.00-ден бастап Алматы қаласының мониторингтік топтарының өкілдері қоғамдық көлік пен автобус аялдамаларын тексеруде. Тексерушілер жолаушыларды және автобус пен троллейбус жүргізушілері бетперде тағып жүргендерін қадағалайды, қала тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Тексерушілердің айтуынша, Алматы аумағы арқылы жүретін 100-ден астам автобусқа мониторинг жүргізілді. Мониторинг топтары автобус маршруттарын атады, онда бірнеше бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: 1, 98, 32, 123, 79 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5Б, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210 бар.
«Қалада коронавирус жұқтырғандар саны өсті. Үйде және қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан карантин кезінде жолаушылар бетперда режимін сақтауы керек», – деп түсіндірді тексерушілер.
Күннің бірінші жартысында 14 жеке тұлғаға қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтылрылды. Бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Алматыда COVID-19 жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Өткен тәулікте мегаполисте эпидемиологтардың мәліметтері бойынша КВИ жұқтырудың 1369 жағдайы тіркелген, карантиндік шектеулерді қатаң сақтау қажет. Бетперде тағу басқаларға ауру жұқтыру қаупінен қорғайды әрі инфекцияның таралуын азайтады. Сондай-ақ еске салсақ, коронавирустық инфекциямен күресудің жалғыз әдісі вакцина алу, Алматыда 212 екпе пунктінің базасында тегін жүргізіледі.