Алматы облысында белгісіз біреулер күшікті тірідей өртеп жіберген

actual.today
actual.today
Оқиға Алакөл ауданы Қабанбай ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желіде Алматы облысында бірнеше жігіт күшікті тірідей өртеп жіберген видео пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

Оқиға Алакөл ауданы Қабанбай ауданында болған. Алматы облысындағы зооқорғаушылар қоры аталған дерек бойынша полицияға арыз жазған.

Алматы облысы Полиция департаменті аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 316-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

Алакөл аудандық бөлімі бойынша осы қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіледі. Полиция өкілдері олар заңға сәйкес жазаға тартылатынын хабарлады.

Видеоны жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды. Әдепсіз лексика бар.

Новости партнеров