Жетісу облысында көмірге бөлінген 100 миллион теңгені кім ұрлаған

elements.envato.com
elements.envato.com
Аталған деректі прокурорлар анықтап, тергеп-тексерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

- Көмір отынын сатып алуға бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен қосалқы компания арқылы жасалған, - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтап, тергеп-тексерді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Қарағанды тұрғыны киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды

Новости партнеров