Қостанай облысының прокуратурасы Ресейден әкелген 7 498 вейпті әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған адамды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында вейп сатып алатынын, оны ел аумағына заңсыз әкелетінін және кейіннен өзі құрған «Telegram» арнасы арқылы іске асыратынын анықтады», - деп жазады Қостанай облысының прокуратурасы.
Оның үйін тінткен кезде 7 498 дана вейп табылып, тәркіленген. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған