Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, ІТ-технологиялардың даму қарқынын ескере отырып, қаладағы қылмыстық ахуалдың жай-күйіне әсер ететін қылмыстар арасында алаяқтық екінші орында тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңсыз әрекеттердің осы түрін тіркеу 9,3%-ға қысқарды, қылмысты ашу көрсеткіші 5%-ға жақсарды.
«Интернет-платформалардың, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен өткізілген жұмыс кездесулерінің, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілердегі белсенді ақпараттық жұмыстың арқасында біз интернет-алаяқтықты тіркеуді азайта алдық. Кибернадзор ақпараттық жүйесі арқылы 362 ресурс анықталып, бұғатталды. Өкінішке қарай, интернет-алаяқтықтың үлесі жылдан-жылға артып келеді және киберқылмыскерлердің заманауи сын-қатері бізді Интернеттегі қылмыспен күресу үшін жылдам жедел және алдын алу шараларын қабылдауға міндеттейді. Осыған орай, өткен жылы полиция департаментінде «Киберпол» бөлімшесі құрылып, ІТ-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу жұмысын жалғастыруда. Полицейлердің көмегінің арқасында алаяқтардың құрбаны болған алданған азаматтарға 43 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Құрметті азаматтар! Тағы да Сіздерге жүгінемін және жеке деректеріңізге қатысты тәртіпті сақтауыңызды сұраймын: жеке ақпаратты, телефонның құпия сөздерін немесе карталарыңыздың CVR кодтарын ешкіммен бөліспеңіз. Оларды алаяқтар пайдалана алады. Банктен келген кез келген қоңырауды, туыстарға қатысты кез келген жағдайды тексеру керек», - деді, Арыстанғани Заппаров.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы ұрлықпен айналысқан 180-нен астам қылмыстық топты ұстады