Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған 2 күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, ұсталғандардың екеуі де Ақтөбе облысының тұрғындары. Полицейлер сезіктілерді «Самара – Шымкент» тас жолының Арал ауданы тұсында байқаған. Жол қауіпсіздігін бақылаған патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған Nissan Primera маркалы автокөлікті тоқтатады. Тәртіп сақшылары тексеру барысында көліктің жүксалғышынан күдікті затты байқаған. Айғақ заттың кептірілген марихуана екенін сараптама қорытындысы да дәлелдеп отыр. Ал автокөлікті тізгіндеген 42 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
– Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан үш үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 6 килограмм 260 грамм кептірілген марихуана екені нақтыланды, – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының рота командирі Дархан Алматов.
Оқи отырыңыз: Есірткіні аяқ киім креміне арналған ыдыспен өткізбек болған