Қызу сауданың ортасы Қорғаста қыздар тәнін саудалап келген. Шекара маңындағы халықаралық орталықтың аумағындағы сауықтыру кешені мен қонақ үйдің бірі той-думанның ордасы болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл нысандар тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң түрде тексерумен ғана кіргізген. Көбіне шетелдіктерді қабылдапты. Ал сол қонақтардың көңілін Қазақстанның жас қыздары көтеріп келген. Арсыз бизнестің ұйымдастырушылары оларды ақшамен арбап, жыныстық құлдыққа жеккен.
– Бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел бар. Тінту іс-шарасы нәтижесінде ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдеме алынды, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Пара алған: «Аграрлық несие корпорациясының» филиалының басшысы қамалды