«Жигули» көлігімен сиыр тасыған семейлік тұрғынның видеосы тарады

Видеодан кадр
Видеодан кадр
Аталған дерекке қатысты полиция пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде сиырларды «Жигули» көлігіне тиеп алған ер адам анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Абай облысының тұрғыны «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған.

Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады.

«35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген», - делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жағымсыз иіс: мал сою орнындағы қалдық су ауылға тарап кеткен

Новости партнеров