Таиландтан елордаға халықаралық почта арқылы аса ірі мөлшерде есірткі жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігі «Әуежай-Астана» кеден бекеті мен курьерлік компания өкілдерімен бірлесіп, қылмыстың жолын кесті. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде 3 қорап табылған. Оның ішінен 3,5 жарым келі каннабис сығындысы, яғни гашиш майы шыққан. Тергеу барысында бұл іске қатысы бар деген 4 күдікті анықталған. Олардың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, салмағы 787 грамм марихуана мен есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажет басқа да заттар табылып, тәркіленген.
– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 4 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық Кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды