Белігілі әнші Қарақат Әбілдина Алматыда өткен сенбі күні қайырымдылық концертін өткізді. Кеште Қарақат мектеп студиясының түлектері де өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды sn.kz.
«Шүкір, кеш көңілдегідей өтті. Бәрі де мен ойлағандай! «Биылғы туған күнімді қайырымды іске арнауым керек» деп ниеттендім. Дәл солай болды! Аяғымнан тік тұрып қызмет еткен күн болды», - деп жазды жезтаңдай әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Өнер жұлдызы игі шараның мақсаты жалғыз басты аналарға қолдау көрсетуге арналғанын айта келе, сауатты іске атсалысқан жандардың барлығына алғыс айтты.
«Қарекет» хабарының кейіпкері, жарынан қапияда айрылып, алты баланы жалғыз өзі жетілдіріп отырған Әсел кеш қонағы болып, сахнаға шақырылды. Кештен түскен қаражат түгел көмекке зәру Әселдің отбасына табысталды. Жақсылыққа жұмсалып, осы ниетіміз игі істердің бастауы болса екен дедік. Құрметті, оқырман, бұл істе билет сатып алып келген сіздің де үлесіңіз бар. Сондай-ақ ерекше алғысымды өнердегі әріптестеріме жолдаймын: мен үшін өте жауапты болған осы күнде қасымнан табылғандарыңыз үшін раxмет», - деп қорытындылады ойын Қарақат Әбілдина.
Аталмыш қайырымдылық шарасын Қарақат алғаш рет өтікізіп отырған жоқ. Ол тұрақты түрде жетімдер үйіне материалдық, қаржылай қолдау көрсетіп тұрады.