Бүгін көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің майталманы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жазушының ғасырлық мерейтойына орай «Бабалар аманаты» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Басылымға халықаралық суретшілер мен еліміздің әр аймағында тұратын өнер ұстаздарының, жас буынның жазған туындылары топтастырылған.
«Бүгін ұлттық кітапханада аталған жинақтың тұсауы кесіп жатырмыз. Алдағы уақытта Еуропа елінде тұсауын кеспекшіміз», – деді «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» ҚБ президенті Қанағат Қалиұлы.
Оқи отырыңыз: Алматылық заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді