«Мұсылман емеспін»: Айжан Байзақова діни ұстанымын ашып айтты

«Мұсылман емеспін»: Айжан Байзақова діни ұстанымын ашып айтты
Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында Байзақова құлағына крест сырға тағып отырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атышулы Айжан Байзақова өзінің діни ұстанымын жайын жария қылды. Айтуынша, қазақстандық блогер мұсылман емес көрінеді. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құлағына крест таққан Байзақова жай ғана сырғаларды ұнатқанын, христиан дініне еш қатысы жоқ екенін айтты. Алайда, ол өзінің мұсылман екенін де жоққа шығарды.

Бейбіт Әлібековтің «Сен мұсылмансың ба?» деген сұрағына блогер ойланбастан «жоқ» деп жауап берді.

«Егер менің ата-анамды мұсылман деп есептер болсақ, тиісінше мен де мұсылманмын. Бірақ, ешқандай сүре білмесем, намаз оқымасам, жабық киінбесем, кітапты (Қасиетті Құран Кәрім- ред) мүлде ашып көрмесем, өзімді қалай мұсылманмын деп айта аламын?», – деді ол.

Ал өзі жиі қолданатын «Құдай сақтасын» деген тіркесін ол бала кезден қалыптасқан әдет деп түсіндірді.

«Біз бәрібір әке-шешеміздің сөзін қайталаймыз ғой. Анам бір кездері намаз оқыды. Менің аузымдағы «Құдай сақтасын», «Біссіміллә» деген 

– соның сөздері. Ал мен оны еш мән берместен, автоматты түрде қайталаймын»,  деді Байзақова.


Новости партнеров