Қазақстан Жазушылар одағында ұйғырлардың «Чинар» әдеби журналының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға ұйғыр халқының қаламгерлері мен ақындары, сондай-ақ басқарма басшылығы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Қазақстан әдебиетіндегі тарихи күн, себебі басылым – одақ қолдау көрсеткен алғашқы журнал.
– Қазақ әдебиетін насихаттайтын журнал керек болды. «Чинар» деген журналдың тұсаукесері өтті. Ғұмыры ұзақ болсын! Қазақ әдебиетін, Қазақстанның мәдениетін насихаттайтын басылым болсын! – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов.
– Әдеби журналдың 9 айдары бар. «Алтын көпір» – қазақ ақын-жазушыларының еңбегін ұйғыр тіліне аударып, оқырманға таныстырады. Алғашқы нөмірде Абай өлеңдері ұйғыр тілінде жарияланды. М. Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесін Шайым Шабаев аударды, – деді «Чинар» журналының бас редакторы Патигүл Мақсатова.
Оқи отырыңыз: Kitap Fest Almaty – 2023: кітап фестивалінің ерекшелігі неде