Алматы полициясы автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде бейнежазба тарған. Онда қоғамдық көліктің ішінде ер адамның пышақпен жолаушыларды қорқытқаны түсірілген. Кейін ер адам автобустың дөңгелегін теспек болғанын көруге болады.
Полицейлер видео жөнінде пікір білдірді.
-Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
-Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі, – деді полицейлер.
Оқи отырыңыз:Жол үстіндегі бетон: күре жолға кедергі қойған кімдер