Кестелі орамал: Алматыда ән кеші өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл Бекен Жылысбаевтың туғанына 100 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қазақ кәсіби музыкасы мен академиялық вокал саласын жаңа биікке көтерген Бекен Жылысбаевтың туғанына 100 жыл толды. Алматыда мерейтойға орай, оның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттау мақсатында «Кестелі орамал» атты ән кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімдігі мен мәдениет басқармасы мұрындық болған бағдарламада халық әндері мен халық композиторларының ғана емес, шетелдік танымал авторлардың шығармалары да орындалды.  

– Бекен Жылысбаев шәкірттеріне қолдау көрсетіп, жанашыр болған. Жыл бойы көптеген іс-шара өтті. Мен жетістікке Бекен ағаның арқасында жеттім, – деді ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева.

– Қазақстандағы қаншама халық әртісін тәрбиелеген, қаншама қайраткерді, халықаралық конкурстердің лауреатын дайындаған адам - Бекен Жылысбаев. Ол кісінің атқарған еңбегі, қазақтың өнерінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Уәш.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Новости партнеров