Алматыда 8 наурыз мерекесіне арналған «Махаббат сыры» концерті өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Әйелдер қауымы үшін Алматы әкімдігі мерекелік концерт өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Республика сарайында «Махаббат сыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйелдер қауымы үшін Алматы әкімдігі мерекелік концерт өткізді. Қатысушылар арасында медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, оқуда, спортта және т.б.салада жетістіке жеткен балалардың аналары бар.

Әйелдер мен махаббатқа арналған қазақстандық және шетелдік әндерді танымал әртістер орындады.

Мерекелік концертке «МузАрт» тобы, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Нұржан Керменбаев, Мәди Сыздықов, Әділхан Макин, Kyle Ruh, Индира Еділбаева, Аdam, Нұрлан Өнербаев, Bibi Studio балалар-вокал студиясының солистері, Zarathustra және Almaty Symphony оркестрлері, «Жорға» академиялық және заманауи балеттері және Nova Ballet қатысты.


Новости партнеров