Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің мерейтойлық кеші өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Үздік жазушылар мен қоғам қайраткерлеріне арнайы марапат табыс етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында 90 жылдық тарихы бар «Қазақ әдебиеті» газетінің мерейтойлық кеші өтті. Ұлттық құндылықты дәріптеп, еліміздің әдеби-мәдени өмірін қамтып келетін баспа 1934 жылы 10 қаңтарда алғаш жарық көрген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Содан бері газеттің мақсаты айқындалып, бағыты ұлтқа деп бекітіліпті. Алғашқы бас редакторы Ғабит Мүсірепов болған басылым кешінде баспа ісіне үлес қосқан үздік жазушылар мен қоғам қайраткерлеріне арнайы марапат табыс етілді.

– Он жазушыға, он қаламгерге «Қазақстанның құрметті жазушысы» деген атақ берілді. «Қазақ әдебиетіне» еңбек сіңірген жазушыларға, басылымда жұмыс істеп жатқан қазіргі журналистерге Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының алғысхаты табысталды, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов.

«Қазақ әдебиеті» газеті өзге газеттерге қарағанда көп жауапкершілік жүктейді. Неге десеңіз, бұл – сөздің, өнердің газеті. Басылымда әлеуметтік, саяси немесе экономикалық мәселелер емес, ұлттың руханияты туралы жазылады, – деді «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат.

Оқи отырыңыз: Әлемнің 26 елінде қазақ күйі күмбірлейді

Новости партнеров