Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл: әдеби-шығармашылық кеш өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Оқушылар рухты жырларын оқып, сахнада өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл. Осыған орай қаладағы №137 мектепте әдеби-шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рухани іс-шара кезінде ұлт болашағы үшін күрескен ақынның өмірі мен шығармашылық жолы айтылды. Оқушылар рухты жырларын оқып, сахнада өнер көрсетті. Сондай-ақ әдеби сазды кешке елімізге танымал дәстүрлі әншілер қатысып, көпшілікті бір қуантты.

– Мағжан Жұмабаевтың мерейтойын бір жылдан бері атап өтіп келеміз. Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойына да арнап іс-шараның жабылуын жасап жатырмыз, – деді М. Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектеп директоры Сандуғаш Ақшалова.

– Мағжан сияқты тәуелсіздікті армандаған, бостандықты, елдікті аңсаған ақындардың өлеңінен, қазақтың классикалық, халық композиторларының әндерінен шашу шашып, арнайы құттықтап келдік, – деді Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні қарсаңында алматылық қариялар бақ сынасты

Новости партнеров