Алматы онкологиялық орталығына асқынған қатерлі ісігі аурымен 79 жасар пациент келіп түсті. Дәрігерлермен тексеріс кезінде келесідей диагноз қойылған: екі жақ мойынның лимфотүйіршіктерінің метастаздық асқынуымен төртінші сатыдағы жұтқыншақ көмейдің қатерлі ісігі. эзофагофарингостома. Пациент ауруханаға келген кезде 45 кг салмақта болған, себебі, сұйық тамақтан басқа ештеме жемеген. Орталықтың онколог- дәрігерлерімен екінші кезеңдегі екі операция жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші кезеңде жұтқыншақ көмейдің, өңіштің мойын жағының шеңберлі резекциясымен радикалды ларингэктомиясы жасалды. Екі жақты мойын лимфодиссекциясы. Содан, эзофагофаринготрахетосманың 3 стомы туындады, қарапайым сөзбен, мойын жағы мен ауыз қуысының 3 кеңістігі пайда болды. Бірінші жүргізілген операциядан соң 6 ай пациент зон арқылы тамақтанды. Осы уақытта пациент сәулелік терапиядан және химиотерапияның төрт курсынан өтті, яғни, толығымен кешенді түрде емделді.
Екінші кезеңде онколог-хирургтар өңештің мойын жағынан және дауыстық протезді орнату арқылы көмейді қалпына келтіру бойынша операция жасады.
«Біз үлкен кеуде қуысын қосу арқылы алдыңғы кеуде қабыршақтарының тамырынан тері-бұлшықет лоскутын алып, мойынды жаптық, осылайша ақаулықты орнына келтірдік. Жасанды өңеш және көмей жасап, дауыстық протезді орнаттық. Аталмыш операция ас қорыту жолдарын қалпына келтірді, басқа сөзбен, пациент тамақ жей алады, сондай-ақ, дауыстық протезді орнатқанның арқасында сөйлей алады», — деді онколог-хирург Саттар Аппазов.
Бүгінгі күні пациент салмақ қосып, қазіргі кезде 58 кг болды және дәрігерлердің бақылауында.