Ғалымдар зерттеуі: Covid-19 вирусы орта жастағы адамның ақыл-ой қабілетін төмендетеді

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Сауалнамаға үш мыңнан астам ерікті қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа зерттеу Ұлыбританияда Covid-19 пандемиясы 50 жас пен одан асқан адамдардың ақыл-ой қабілетіне әсер еткенін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап. Үш мыңнан астам ерікті пандемия кезіндегі есте сақтау қабілеті мен басқа да когнитивті өзгерістерін өлшеу үшін сауалнама толтырып, когнитивті тесттер тапсырған. Зерттеу нәтижесі вирус белгілерінің бар-жоғына қарамастан ақыл-ой белсенділігі төмендегенін көрсеткен.

Сарапшылардың пікірінше, ақыл-ой қабілеті төмендеуінің кейбіріне күйзеліс, жалғыздық пен ішімдік ішу себеп болуы мүмкін. Олардың айтуынша, коронавирустан туындаған қорқыныш, мазасыздық, сенімсіздік пен күн тәртібі бұзылуының адам миына шынайы, ұзақмерзімді әсері болған.

Сондай-ақ зерттеу когнитивті қызметтің төмендеу қарқыны пандемияның алғашқы жылы, карантин шектеулері енгізілген кезде күшейгенін анықтады.

Адамдардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы пандемияның екінші жылы да жалғаса берген.

Пандемия басталғанға дейін есте сақтау қабілетіне байланысты білінер-білінбес мәселелері болса, пандемия кезінде ушығып кеткен.

Зерттеу нәтижесі пандемия уақытындағы карантин және басқа да шектеулер 50 жас пен одан асқан адамдардың миының саулығына, тіпті карантин біткеннен кейін де айтарлықтай әрі ұзақмерзімді әсер еткен.

Брайтон және Сассекс Медицина мектебінің деменция бойынша сарапшысы, дәрігер Дорина Кадар тұрғындарға пандемияның жалпы әсері сұмдық болғанын айтты. Ол қосымша зерттеу жүргізуді ұсынды. Зерттеу нәтижесі себеп пен салдарды дәлелдей алмаса да жоғарыда айтылған әлеуметтік оқшаулану сынды факторлар ми жұмысына кері әсер ететінін дәлелдейтін жағдайлар жиі кездесіп жатыр. 

Өкінішке қарай, қазір деменцияның алдын алатын сенімді тәсіл жоқ, бірақ үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, жүректің саулығын бақылап жүру қажет.

Оқи отырыңыз:Атырау облысында эхинококкоз ауруы өршіп тұр

Новости партнеров