Алматыда қарт адамдарға үй жағдайында медицина және психологиялық қолдау мәселелері бойынша кеңес көрсетілуде

Акимат Алматы
Акимат Алматы
Бұл акция айдың соңына дейін өткізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының  Әуезов ауданында белсенді ұзақ өмір орталығының ұйымдастыруымен жалғызбасты, аз қамтылған зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөліп, оларға рухани, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында акция өтуде. Аталған ауданда Алматы қаласы бойынша зейнеткерлердің көбі — 46 600 адам тұрады. Бұл акция айдың соңына дейін өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акция аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әлеуметтік қызметкері, медбике, психолог және бағдарламашы ауданның қарт зейнеткерлерінің үйлеріне барып, өз салалары бойынша қажетті көмек пен тегін қызмет көрсетеді.

Мысалы, медбике артериалды қысымды тексеріп, медициналық сала мәселелеріне қатысты, соның ішінде, тіркелген емханадан қандай препараттарды тегін алуға болатынын түсіндіреді. Психолог қолдау көрсетіп, кеңес береді. Бағдарламашы қарт адамдарды күнделікті өмірде қажет болған жағдайда мобильді телефонмен, компьютермен және т. б. жұмыс алгоритмін үйретеді.

Сонымен бірге, белсенді ұзақ өмір сүру  орталығымен зейнеткерлердің уақыттарын демалыстың әр түрімен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін Таугүл және Тастақ шағын аудандарында екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар. Орталықтар базасында зейнеткерлерге әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялы, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру және мәдени-ойын-сауық  қызметтерінің 14 түрі қолжетімді.

Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (727) 227 3455, +7 707 479 1263, +7 707 411 1636

Новости партнеров