Елімізде бұдан былай МӘМС қорына түскен қаржы және игерілген ақшаның есебі сайтта жарияланады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.
Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жүйе жұмысын жоғары аудиторлық палата қадағалап отыр. Қазір палатамен бірлесіп, аудит жүргізу арқылы қор бөлімшелерінің қызметіне бақылауды күшейту жоспарланған. Өткен жылы қордағы 3 миллионнан астам қаржының заңсыздығы анықталыпты. Олқылықтың дені тіркеумен байланысты. Бұл ретте министрдің орынбасары МӘМС жүйесінің аясында көрсетілетін қызметтің тарифі кезең-кезеңмен қайта қаралатынын айтты.
– Медициналық сақтандырудың қазақстандық моделі әлемнің басқа дамыған елдері сияқты үш негізгі қағидаға негізделген. Әмбебаптық, әлеуметтік әділеттілік және ынтымақтастық. Осы үш қағидат азаматтардың денсаулығын сақтауда табысына, тұрғылықты жеріне және әлеуметітк мәртебесіне қарамастан тең құқық береді, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.