Абай облысында дәрігерлер мерзімі өтіп кеткен анестезия препаратын қолданған

elements.envato.com
elements.envato.com
1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақаншы аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексерді.

«Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды. Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған», - деп хабарлады прокуратура.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Новости партнеров