Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Маманның айтуынша, онкологиялық аурудың таралуы жастар арасында 27 пайызға, ал 5 жылдық өмір сүру деңгейі 55 пайызға өскен.
«Аурулар бойынша бірінші орында – сүт безі, екінші орында – өкпе, содан кейін асқазан қатерлі ісігі мен жатыр мойны обыры тұр. Науқастардың негізгі үлесін немесе 59 пайызын еңбекке қабілетті жастағы адамдар», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова.