Шарын шатқалындағы сел жүрген кезде зардап шеккен екі адам стационардан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген еді.
Соның бірі 23 жастағы Мадина болатын.
«Мен сол экскурсияда гид болдым. Шарын шатқалындағы сел көшкіні кезінде 4 оқушымен бірге сел тасқынына түсіп, сол кезде жарақат алдым. Алғашқы сағатта жарақат сезінбеді, маған балаларды автобусқа жинау, қалғандарын табуға көмектесу және ата-аналармен кездесу қажет болды. Ата-аналар балаларды таратып алып кеткеннен кейін, артымнан әпкем келгенде, мен аяғымның ауырсынуын және қатты бас айналуын сезіндім. Бір сәтте есімді жоғалтып, ауруханада ғана өзіме келдім», – деді Мадина.
Туристік автобуспен қызды қалаға алып келіп, содан кейін жедел медициналық жәрдем көлігімен туыстарымен бірге №4 қалалық клинниканың жарақат пунктіне алып келді.
«Науқас бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, кешенді тексеруден өтті, құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарады. Бейінді бөлімшеде толық ем-шараларды алып шықты», – деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Ұлжан №199 мектеп-гимназиясы педагогтарының бірі. 29 мамырда ол Шарын шатқалына экскурсияға мектеп оқушылары тобымен бірге барды. Төтенше оқиғаның нәтижесінде мұғалім жабық бас сүйек-ми жарақатын, бас миының шайқалуын, дененің, аяқ-қолдың көптеген жарақаттарын алды. Оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 30 мамырда №4 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген.
«30 мамырда науқас бейінді бөлімшеге жатқызылып, медициналық көмектің толық көлемін алды. Шарын шатқалында зардап шеккендермен бірге психологтар жұмыс істеді, бүгінде олар тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емделуге шығарылды», – деп түйіндеді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.