Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығы бойынша Арман Жұмабеков агенттік аппаратының басшысы болып тағайындалды», - делінген агенттік хабарламасында.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР ремьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы - ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.
Айта кетсек, Арман Жұмабеков бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылған болатын.