Азамат Жолманов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салайық, Президент өкімімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып Дархан Жазықбаев тағайындалған болатын. Бұған дейін Д. Жазықбаевтың жаңа екі орынбасары белгілі болды: Айнұра Серғазиева және Берік Беркімбаев.

Новости партнеров