"Алматинские истории" телебағдарламасының кезекті саны продюсер, музыкант Тасқын Оқаповтың шығармашылығына арналады.
Ол «Арай», «А-студио», «Гүлдер» сыңды музыкалық топтарды құрушы ғана емес, қазақ эстрадасына жаңаша леп әкелген, 1970-80 жылдары ерекше қолтаңба қалдырған тұлға. Тасқын қандай отағасы еді, балаларға қандай әке болды?
Роза Рымбаева мен ұлдары Әли мен Мәди оны шығармашылыққа берілген тұлға деп еске алады.
Оны біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар.