Ноутбук өндіретін кәсіпорын: Almaty TV-де «Made in Almaty» бағдарламасының жаңа шығарылымы

Almaty TV
Almaty TV

Алматыда жұмыспен қамтылғандардың 85 пайыздан астамы ШОБ саласында жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty TV бизнесті дамытуға арналған «Made in Almaty» жобасының кезекті шығарылымын ұсынады. Әр шығарылым зауыттан шағын цехқа дейінгі аралықтағы кәсіпорындардың креативті және қарқынды даму жолын назарға алмақ.

Алматы – еліміздегі кәсіпкерліктің ең ірі орталығы, мұнда 400 мыңнан астам кәсіпорын орналасқан.

Соңғы жылдары Қазақстанда IT саласы қарқынды дамып, компьютерлік техника өндірісін де қамти бастады. Өндіруші компания өкілдерінің айтуынша, Алматыда ТМД мен Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын әлемге әйгілі брендтің компьютерлерін шығарады.

Бірнеше жыл бұрын компания ең ірі американдық бағдарламамен қамтамасыз ететін корпорацияларының бірімен серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық компанияның кеңеюіне негіз болды және көп ұзамай компания әлемдегі жетекші компьютерлік электроника өндірушісінің ресми серіктесіне айналды.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 100 мың құрылғы шығаруға жетеді, ал дайын өнім Қазақстанмен қатар жақын шетелге де экспортталады.

«Жыл сайын жаңа міндеттер, оқыту және жаңа техникалық процестерді енгізу қажет. Өнім елімізге экспорттық табыс әкеліп, жұмыс орындарын ашуда. Бұл ел үшін де, компания үшін де маңызды үлес деп білеміз», - деді компания директоры Мақсат Төлепов.

Компания экспортты дамытумен қатар, білім беру мекемелерін жаңғыртуға да елеулі үлес қосып келеді. Былтыр елімізде 60-тан астам мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қайырымдылық акциясы аясында 100 балаға компьютер тегін таратылды, бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігін айқындайды.

Айта кетейік, Алматыда жұмыспен қамтылғандардың 85 пайыздан астамы ШОБ саласында жұмыс істейді. Тек өткен жылы қала билігі шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлді. Ал биыл шамамен 2 мың кәсіпкерге қолдау көрсету үшін 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

Almaty TV-де «Алматы көшелері», «Шаһар шырайы», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сияқты бірқатар жаңа бағдарламалар жарық көргенін еске салайық.  Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобалары көрерменге жол тартады.

Оқи отырыңыз: Made in Almaty: Almaty TV жаңа жоба ұсынады

 

Новости партнеров