Қашықтан оқу: Ата-ана баланың үйде сабақты орындауын қадағалап отырса жеткілікті

almaty.tv
almaty.tv
Осы күні алматылық оқушылар аталған жүйе арқылы дәріс алуды 4-тоқсаннан бастап кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қашықтан оқу кезінде ата-аналар да мұғалімдерге ықпалдасуы керек дейді ұстаздар. Олардың айтуынша, баланың үйде сабақты орындауын қадағалап отырса жеткілікті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы күні алматылық оқушылар аталған жүйе арқылы дәріс алуды 4-тоқсаннан бастап кеткен. Мәселен, Түрксіб ауданындағы №142 мектептің тәлімгерлері толықтай қашықтан білім алуда. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мектептегі ноутбук пен компьютерлер ұстаздар мен оқушыларға уақытша пайдалануға берілген. Сондай-ақ, интернеті жоқ балаларға sim-карталар да таратылған болатын.

«Біздің мектептің ұстаздары бірінші күннен бастап қашықтан оқыту жүйесін іске асыруда. Жаңа форматқа көшу бойынша ата-аналармен де, оқушылармен де өте тығыз байланыста сабақ өткізіп, жұмыс істеп жатырмыз», – деді № 142 жалпы білім беретін мектептің директоры Ақылсара ҚУАТОВА.

Новости партнеров