Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін «Сoursera» онлайн-білім беру платформасында тіркелетін алматылықтарға әлемнің жетекші университеттерінің курстары тегін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 тамызында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен 5000 адамға әлемдік ірі жоғары оқу орындарынан тегін курстардан өтуге мүмкіндік беру туралы келісімге қол қойған болатын.
Осылайша, кез келген алматылық үйден шықпа-ақ, Stanford University, University of Pennsylvania, Princeton University, University of Michigan, Peking University сияқты алып оқу орындарының өткізетін курстардың студенті атана алады.
Келісімшартқа сәйкес, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тіркеуден өткендерге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін қатысу мүмкіндігі бар.
Тіркелу үшін өтінімді almaty.coursera@mail.kz сайтына мына мәліметтерді міндетті түрде көрсету керек:
- Аты-Жөні;
- қызмет түрі;
- электрондық мекенжайы.
Әрі қарай, 4 күн ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға шақыру келеді.
Онлайн дәрістер арқылы тіркелгеннен кейін студент келесі бағыттар бойынша курстарды игере алады:
- IT,
- қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар,
- экономика,
- медицина,
- менеджмент,
- маркетинг.
Курс аяқталғаннан кейін студент растайтын сертификат алады.
Айта кету керек, «Coursera» — да екі аптадан астам уақыт бойы жеке кабинетті пайдаланбаған жағдайда, тіркелу жойылады.
Толық ақпаратты мына жерде оқуға болады: digital-almaty.kz/ru/content/03-avgusta-2020-5000-besplatnyh-licenziy-sourseraorg-predostavleny-almatincam-dlya