Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайы салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдағы екі жылда 5 заманауи мектеп сарайы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен мәлім етті.
Елордадағы балалардың 79,9 пайызы қосымша біліммен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артқан.
2029 жылға дейін барлық оқушыларды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін Астанада 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланған, оның бесеуі алдағы екі жылда салынбақ.
Оқи отырыңыз: ҚР Президентінің Германияға ресми сапары басталды