Шетелдік қосымшаларды пайдалану кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет – сенатор

Almaty.tv
Almaty.tv
Мұхтар Құл-Мұхаммед қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, көптеген қаражат бөлініп, атқарылған жұмыстар бойынша талай министрдың ұзын-сонар баяндамаларына қарамастан, бұл салада қордаланған мәселе өте көп. Мәселен, сенатор отандық онлайн білім беру платформаларына ортақ кемшілік ретінде олардың жұмыс істеу жылдамдығының төмендігін айтып, сынады. Интернет-трафиктің дәл сондай көлемімен шетелдік онлайн ресурстар мен қосымшалар анағұрлым тез жұмыс істейтінін жеткізді. Бұдан бөлек, сауалда қашықтан оқыту барысында, әсіресе, шетелдік қосымшаларды пайдаланған кезде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жат бейнежазбалардың тарап кетпеуінің алдын алуға баса мән берілген.

«Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Цифрлық даму министрлігінің жұмыстарын үйлестіру мен олардың өзара іс-қимылы айқындалды ма? Процесті жылдамдатуға техникалық мүмкіндіктер бар ма? Бірыңғай білім беру онлайн платформасын құру үшін бюджеттен қосымша шығындар қарастырылған ба? Екіншіден, қашықтан оқыту аясында азаматтардың тегін орта білім алуы үшін конституциялық кепілдіктер қамтамасыз етілген бе?» – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Новости партнеров