Смартфонсыз мектеп: елордадағы мектептерге жаңа ереже енгізіледі

Ал ата-аналардың ойы екіге бөлінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы мектептерге екінші тоқсаннан бастап жаңа ереже енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Астанадағы кейбір мектептің оқушылары бірінші сабақ басталар алдында арнайы белгіленген жәшіктерге ұялы телефонын қалдыруы қажет. Елордадағы білім басқармасының қолдауымен жүзеге асқанбастама, білім алушылардың оқуға ден қоюына жағдай жасауға бағытталған. 

"Смартфонсыз мектеп" жобасы Астана қаласы бойынша 4 жыл қатарынан мектептерде жүргізіліп жатыр. Қаламызда 110 мемлекеттік білім беру ұйымы болса, соның 70 пайыз ата-ана мен оқушылар жобаны қолдады. Негізгі мақсаты – сапалы білім. Оқушылардың мектепте ойын бөлмей, білім сапасын арттыру", – деді Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.

Атап өтер жайт, оқушыларға үзілісте смартфон қолдануға ешкім тыйым салмайды. Олар ұялы телефонын қаласа ғана тапсырады. Ал балалар психологі Ғазиза Әділбай гаджеттер білім алушының зейінін дамытуға кері әсерін тигізетініне, ақпаратты қабылдау қасиетін төмендететіне сенімді. Оның сөзінше, смартфондарды сабақта қолдану оқушының логикалық ойлау қабілетін бұзады, үлгерімін нашарлатады.

Көп оқылған: Ақтауда клининг қызметкерлері ұсталды

"Негізі бала ұйқыдан оянғаннан бастап, сағат 8:00-ден 9:00-ге дейін оның ағзасы толыққанды оянып, оқуға дайын тұрады. Ал мидың жұмысы сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін өте жақсы дәрежеде, 100 пайыз мағлұматты сіңіруге дайын тұрады. Осы аралықта ол телефонды шектеп, егер оқуға толыққанды кірісетін болса, үлкен прогресс болады", – деді балалар психологі Ғазиза Әділбай.

Ал ата-аналардың ойы екіге бөлінді. Бірі – оқушылар сабаққа басты назар аударуы қажет десе, енді бірі «керек кезде байланыс болмай қалады» деп алаңдайды.  

"Сабақ уақытында телефон керек емес. Оны алып қойған дұрыс. Екі баламда да телефон жоқ. Біз телефон ұстамаймыз", – деді қала тұрғыны Гүлбану Құрбанбай.

"Егер балаға сабақта бірдеңе болса не істейміз. Ата-ана нөмірінің барлығы қазір телефонда. Шығып хабарласа алады", – деді қала тұрғыны Перизат Доспанова

Еске салайық, елімізде сабақта смартфон пайдалануға тыйым салатын Мемлекет басшысы қол қойған заң ақпаннан бері жұмыс істеп тұр. Құжатта білім беру жоспарына енгізілмесе, оқу процесі кезінде ұялы телефон ұстауға болмайтыны жазылған.

Рүстем Айткәрім, Әсемжан Жүзбаева, Нұрлан Өтеген, Астана

Оқи отырыңыз: Павлодарда әлеуметтік мекеме тәрбиешісі мүгедек балаларды ұрып-соққан

 

Новости партнеров