196 миллион теңгеден астам қаражат БЖЗҚ салымшыларының шоттарына қайтарылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
KASE деректеріне сәйкес, көрсетілген баға индикативтік ретінде расталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БЖЗҚ-ның «Jusan Ventures» ЖШС-не жолдаған талап арызы нәтижесінде жай акцияларды сатып алғаны үшін қордың пайдасына 196 304 931 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 18 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде «Jusan Mobile» АҚ 77 073 дана жай акциялары болған. 2021 жылдың ақпанында «Jusan Ventures» ЖШС Қазақстан қор биржасының интернет-ресурсында тиісті талапты жариялау арқылы санатына БЖЗҚ да кіретін миноритарлық акционерлерден бір данасын 5 750 теңге бағамен акцияларды мәжбүрлеп сатып алу құқығын мәлімдеді.

KASE деректеріне сәйкес, көрсетілген баға индикативтік ретінде расталды. Былтыр наурызда «Jusan Ventures» ЖШС барлық миноритарлық акционерлерден, оның ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінен акцияларды аталған бағамен сатып алған.

«Алайда миноритарлық акционерлердің бірі сотқа талап арыз берген соң, тәуелсіз бағалауды ескере отырып, сот акциялардың бір данасының құнын 8 297 теңге деп айқындады. Биылғы 14 сәуірінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді. Сот шешімін ескеріп, БЖЗҚ «Jusan Ventures» ЖШС-не акциялар құнының айырмасын төлеуді талап етіп, сотқа дейінгі талап арызын жіберіп, төлем мерзімін белгіледі. ЖШС акциялар құнының айырмасын төлеуді жүзеге асырды. Қосымша ақы сомасы сот белгілеген акциялар құны мен бұрын төленген әрбір акция бағасының айырмасы негізінде 2 547 теңге мөлшерінде есептеп шығарылды. Нәтижесінде 196 304 931 теңге БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы активтерінің құрамына аударылды», - делінген жазбада.

Новости партнеров