Сел қаупіне алаңдауға негіз жоқ. Қалалық Төтенше жағдай департаментінің басшысы Серік Әубәкіров таңнан бері тұрғындарды сабырға шақыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол таңертеңнен бері бөгеттегі жағдайды өз көзімен бақылап, видео-есеп беріп жатыр. Мәселен, таңғы сағат 7-ден 11 минут өткендегі жағдай бойынша, Қарғалы бөгеті қалыпты деді. Дегенмен, төтеншеліктер барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатыр.
Ал, 7-ден 48 минут кеткенде өзендегі су деңгейі көтеріле бастаған. Төтенше жағдай департаментінің басшысы, халықты хабардар етіп үлгергенін айтады.
Серік Әубәкіровтың мәліметінше, морендік өзендегі су деңгейі 6-7 метрге төмендеген. Шамамен 20 мың текше метр су ағыпты. Айта кетейік, Қарғалы бөгетінің 1,2 миллион текше метр су қабылдауға қауқары бар.