Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркеліп жатыр
Жыл басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қарудың едәуір бөлігі «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 қару тәркілеген).
Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркеліп жатыр.
"ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады. Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 1,6 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды