Екібастұзда төрт учаскедегі жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Осыған байланысты үш көпқабатты үй, 36 жеке тұрғын үй және 69 заңды тұлға жылудан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ақау бар екі учаскеде жұмыс жүргізіледі: М.Жүсіп көшесі, 58/1 және М.Әуезов, 61/1, 65.
Осыған байланысты үш көпқабатты тұрғын үйге жылу беру бірнеше сағатқа тоқтатылады.
Сондай-ақ Королев көшесінен Әуезовке дейін он тоғызыншы жылу камерасының учаскесі алмастырылады. 36 жеке тұрғын үй мен 56 заңды тұлғада бір тәулік бойы жылу болмайды.
Бұдан бөлек, Қонаева-Бұқар жырау көшесінде ақауы бар учаске ауыстырылады. Осыған байланысты таңғы сағат 9-дан түскі 15:00-ге дейін 13 заңды тұлғаны жылудан ажырату жоспарланып отыр.
Жұмысқа барлығы 6 дәнекерлеуші, 12 слесарь және 4 инженерлік-техникалық қызметкер, сондай-ақ 4 арнайы техника жұмылдырылады.