Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды

Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың ісі қайта қаралатын болды.

Сотталушы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң, осындай өтініш түсірген. Мұны Еліміздің Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Енді осы айдың 22-сі күні Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін қарайды.

Еске салсақ, Владислав Челах 2012 жылдың мамыр айында «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған болатын. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырған еді. Атышулы сотталушы қазір Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.  


 


Новости партнеров