Хатико қожайынын Тараз полицейлеріне тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 қазанда облыс орталығы көшелерінің бірінде полицейлер жолдың ортасында төңкеріліп жатқан мүгедектер арбасын, жанындағы қарт кісі мен итті байқаған.
Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныды.
Зейнеткер жасанды кедергіден өте алмай, аударылып қалған.
Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырды.
Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен ит иесіне ешкімді жолатпай қойған.
Дегенмен жағдай сәтті аяқталды.
"Ит қауып алуы мүмкін еді. Қала жұртшылығы оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған болатын", — дейді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.
Қазіргі уақытта қария мен оның итінің жағдайы жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.