«100 нақты қадам» Қазақстанның жаңа бейнесін қалыптастырады

«100 нақты қадам» Қазақстанның жаңа бейнесін қалыптастырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Жолдаулары – мем­ле­кетіміздің алдағы дамуы мен халықтың әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын жақсартуға бағытталған даму жоспарлары. 100 нақты қадам – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз­гер­туге негізделген құжат.

Елбасы ұсынған кәсіби мем­ле­кеттік аппарат құру, заң­ның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және эко­но­микалық өсім бағыты, біртектілік және бірлік, есеп беретін мем­лекетті қалыптастыру сынды 5 институттық реформаны жүйе­лі жүзеге асыру тұрғысында жария­ланған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстанның мемле­кет­тігін нығайтуға, әрі күрделі кезең­нен сенімді өтуіне жол ашады.

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асы­ру мақсатында 15 нақты қадам белгіленді. Ондағы негізгі мәселе­лерге тоқталатын болсақ, сала мамандарын іріктеудің тәртібін күшейту, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты «Мем­лекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылдау және осы заң қабылданғаннан кейін жалақы­ларды қызметтік нәтижеге байланысты өсіру, барлық мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестат­таудан өткізу мәселелері нақ­тыланған.

Осы тұста, шетелдердің озық тәжірибесі негізге алынғаны белгілі. Бұл – ел ішіндегі мем­ле­кет­тік қызметке деген азамат­тар­дың сенімін беріктеуге бағыт­талған шара.

Мемлекеттік қызметтің жа­ңа Этикалық кодексін жасау қара­с­тырылған. Сонымен қатар, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу, жегі құртқа айналған жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу мен сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру мәселелері де атап көрсетіліп отыр.


Новости партнеров