Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы энергетикалық кешенінің жұмысы қалыпты режимде жұмыс істейтінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Алматы электр станциялары" АҚ - ЖЭО-1.2 қалыпты режимде жұмыс істейді;
"Алматытеплокоммунэнерго" - 84 қазандықтары қалыпты режимде жұмыс істейді;
“Алматы жылу желілері” ЖШС-жылу желілері тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуді шектеусіз, штаттық режимде жұмыс істейді;
“Алатау Жарық Компаниясы” - электр желілері тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
"Алматы Су" - тұтынушыларды сумен қамту және кәріз желісімен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
"КазТрансГаз-Аймақ” - тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Алматы метрополитені үш сағат көлемінде қайта іске қосылады