Алматы тауында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

Алматы тауында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
Жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпост орнатылды», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.

Новости партнеров