Қазақстандық депутат мектептерде соңғы қоңырауды өткізуге қарсы шықты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
28 мамырдан бастап 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектептерде қорытынды аттестаттау емтихандарын және соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізбеу керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның пайымынша, емтихан тапсыру жабық ғимараттарда өткізілуіне байланысты, оқушылардың, педагогтар мен техникалық персоналдың короновирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Бүгіннің өзінде, оқушылар арасында қауіпті дерт тез таралып жатыр. Бұл ата-аналар тарапынан үлкен алаңдатушылықты тудыруда, дейді депутат. 

«Емтихандардың ұзақтығы 2 сағаттан 5 сағатқа дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы ретте, барлығын қосқанда, 400 мыңнан астам жоғары сынып оқушыларына COVID-19 жұқтыру қаупінің бар екендігіне назарларыңызды аударамыз. Оның үстіне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, елімізде 2021 жылдың 10 мамырында 604 623 адам толыққанды вакцина алған. Бұл жалпы халықтың небәрі 3,2 пайызын құрайды»,– деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Новости партнеров