Сыр өңірінде ғарыштық мониторинг арқылы 98 заңсыз қоқыс алаңы анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала маңында бей-берекет қалдық төгіп, экологияны ластағандар көбіне құрылыс заттары мен пластикалық құралдарды қалдырған. Жыл сайын ел аумағында шамамен 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығарылады десек, оның 24 пайызы ғана өңделеді. Қызылорда облысында анықталған 81 заңсыз полигон жойылды.
– 2018 жылдан бері рұқсатсыз қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зонттау түсірілім қызметі көрсетіліп келеді. 2024 жылы Қызылорда қаласынан 50 км радио аумағында 98 рұқсатсыз қалдық орны анықталды. Биыл жергілікті атқарушы органдардың күшімен 81 рұқсатсыз қалдықтар орны тазартылды. Сегіз ай көлемінде 4,5 мың тонна күл-қоқыс шықты, – деді Экология департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Әлішер Шәмкенов.
Оқи отырыңыз: Елімізде жаңа такси қызметі пайда болуы мүмкін