Ақмола облысында 15 қызметкер жалған медициналық кітапшамен жұмыс істеген

Almaty.tv
Almaty.tv
Ал 12 балабақшадан ішек таяқшасы тобындағы бактерия анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ащы судан ұрттаған қызметкерлер мен жалған медициналық кітапшалар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысының прокуратурасы өңірдегі балабақшаларды тексеріп, нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 300-ден астам олқылықты тіркеді. Бірінде – қызметкері масаң күйде жүрсе, енді бірінің директоры жеке айыппұлы үшін жұмысшыларынан ақша жинаған. Екеуі де жұмыстан қуылды. Сондай-ақ 3 балабақшадағы 15 қызметкердің жалған медициналық кітапшамен жұмыс істеп келгені белгілі болды.

– 12 балабақшадан ішек таяқшасы тобындағы бактерия анықталды. Тағы 19 мекемеде тамақтанудың санитарлық нормасы сақталмаған. Анықталған бұзушылықтар үшін кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың құқыңын қорғау үнемі бақылауда, – деді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Мақсат Сұрағанов.

Оқи отырыңыз: Елімізде кредит бюросына қойылатын талаптар күшейді

Новости партнеров