15 жылға дейін бас бостандығынан айыру: ІІМ фармацевттерге үндеу жасады

Ksenia Yakovleva/ unsplash.com/
Ksenia Yakovleva/ unsplash.com/

Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ІІМ өкілдері трамадолды дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы "трамадол" психотроп заты есірткінің тізіміне енгізілген. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылған. Қазір ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.

"Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден аса таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотроп заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, есірткіні заңсыз өткізу болып саналатынын ескертеміз", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Айта кетейік, бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қызылордада тәртіп сақшылары түнгі клубтағы заңсыз сақталған заттарды анықтады

Новости партнеров