Жанармай бағасының өсуі азық-түлік құнының қымбаттауына әсер ете ме

elements.envato.com
elements.envato.com

Арман Шаққалиев елде кейбір азық-түлік түрінің арзандағанын жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жанармай бағасының өсуі азық-түлік құнының қымбаттауына әсер етеді. Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев тауардың 2 пайыздан 5 пайызға дейін өсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Одан артық көтерілмейді деп сендірді. Ал бензин мен дизельдің қымбаттауы жылдық инфляцияның көтерілуіне 3 пайызға дейін әсер етеді екен. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл тек болжам ғана. Сондықтан бағаның аспандап кетпеуі үшін бірнеше іс-шараны қолға алған. Мәселен, ауыл шаруашылығы қазір шаруаларға арзандатылған бағамен жанармай беріп жатыр. 400 мыңнан астам сұйық отын 204 теңгеден сатылған. Жауаптылар өнімді өндіруде қиындық болмауы керек деп болжайды. Тек, тасымал кезінде баға сәл қосылуы мүмкін екен.

«Өнімді тасымалдаған кезде әсері тиюі мүмкін. Тауар 2 пайыздан 5 пайызға дейін өсуі мүмкін», – деді ҚР Cауда және интеграция министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Сауда және интеграция вице-министрі брифингте арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болатынын айтып қалды. Оның сөзінше, кассалық аппараттар тұрған үлкен сауда орындарынан алған жөн. Себебі, егер баға бойынша күмән туған жағдайда тек чек арқылы уәкілетті органға жүгінуге болады. Арман Шаққалиев сондай-ақ елде кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын жеткізді.

«Соңғы аптадағы деректерді талдау нәтижесі кейбір азық-түлік бағасының түскенін көрсетіп отыр. Қарақұмық, қант, картоп, күнбағыс майы арзандаған. Жалпы, еліміз бойынша 0,7-ден 2,2%-ға дейін бағаның төмендеуі байқалады», – деді ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев.

Новости партнеров